Сұрақтар мен жауаптар
Біз жиі қойылатын сұрақтарға жауап бердік. Егер сіз сұрағыңызға жауап таппасаңыз, біз сізге +7 701 272 55 88 телефоны арқылы қуана жауап береміз.
Мектеп туралы
Мектепке қаблдау
Конкурстық іріктеу
Оқу бағасы
Мектепке оқуға түсу
Сұрақ:
Astana Garden School қандай мектеп?
Жауап:
AGS - 7 сыныптан бастап оқушыларды әлемнің ең үздік университеттері мен Назарбаев Университетіне түсуге авторлық бағдарлама арқылы күндізгі және қашықтан оқу режимімен нәтижеге бағытталған дайындау бойынша жеке мектептер арасындағы көшбасшы.
Сұрақ:
Оқу бағдарламасына не кіреді?
Жауап:
Astana Garden school оқу бағдарламасына мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт пәндерін оқып үйрену кіреді. Сонымен қатар, зияткерлік, көшбасшылық, шығармашылық дағдыларды дамытуға және студенттердің әлеуетін ашуға, халықаралық емтихандарға дайындалуға бағытталған AGS компоненттерін ұсыну, және студенттер мен олардың ата-аналарына мамандық таңдауда, әлемдегі ең үздік оқу орындарына құжаттар тапсыру мен түсуге жан-жақты қолдау көрсету кіреді.
Сұрақ:
Оқыту қай тілде өтеді?
Жауап:
Оқу ағылшын тілінде өтеді, ал кейбір мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт пәндері қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
Сұрақ:
Мектепте қандай мұғалімдер сабақ береді?
Жауап:
Мектептің мұғалімдер құрамына шетелдік және қазақстандық үздік университеттерді бітірген оқытушылар кіреді.
Сұрақ:
2020-2021 оқу жылында оқу қалай өтеді?
Жауап:
Мектепте оқытуды үш форматта өткізу мүмкіндігі бар: күндізгі, қашықтық және аралас.
Сұрақ:
Әр сыныпқа неше оқушы түседі?
Жауап:
Әр сыныпта 20 адамнан артық болмайды.
Сұрақ:
Басқа қаладан студенттерге арналған жатақхана бар ма?
Жауап:
Жоқ, жататын орын қарастырылмаған.
Сұрақ:
Оқушылар тамақтанумен қамтамасыз етіле ме?
Жауап:
Күніне үш рет тамақтану күндізгі оқу құнына қосылады. Күніне үш рет таңғы ас, түскі ас және түстен кейінгі бесіндік.
Сұрақ:
Мектеп формасы бар ма?
Жауап:
Мектеп формасы киімнің классикалық және іскерлік стилін талап етеді.
Сұрақ:
Оқулықтар беріле ме?
Жауап:
Мектеп оқушыларға мектеп кітапханасы мен электрондық ресурстарға қол жетімділікті ұсынады.
Сұрақ:
Қашықтықтан оқыту қалай өтеді?
Жауап:
ЖАҢА АҚПАРАТ ЖАҚЫНДА БОЛАДЫ!
Сұрақ:
Оқу қай платформада өтеді?
Жауап:
Қашықтан оқыту Microsoft өнімдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Сұрақ:
Мектепке келіп, көре аламын ба?
Жауап:
Мектепке бару 2 тамыздан кейін карантин аяқталғаннан кейін мүмкін болады. Өзгерістер карантиндік шараларға байланысты мүмкін. Жаңалықтарды қадағалаңыз!
Сұрақ:
Консультация мен мектеп туралы толық ақпаратты мен қайдан ала аламын?
Жауап:
Барлық қажетті ақпаратты ресми ақпарат көздерінен алуға болады: www.ags.edu.kz сайты, инстаграм @astanagardenschool немесе 8 701 272 55 88 телефоны бойынша.
Сұрақ:
2020-2021 оқу жылына Astana Garden School-ға қабылдау қашан басталады?
Жауап:
Жаңа оқу жылына өтініштер 15 шілдеде басталып, 2020 жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Сұрақ:
Оқушылар қандай сыныптарға қабылданады?
Жауап:
2020-2021 оқу жылына қабылдау 7 сыныптан 11-ші сыныпқа дейін.
Сұрақ:
Әр сыныпта ағылшын тілі қандай деңгейде болуы керек?
Жауап:
Қалаған минималды деңгей: 7-сыныпқа pre-intermediate, 8-9 сыныптарға intermediate, 10-11 сыныптарға upper-intermediate.
Сұрақ:
Сіздің мектепке түсуге дайындық курстары бар ма?
Жауап:
Мектепке қабылдау үшін ағылшын тілі, математика және мотивацияның жақсы негізі болған жеткілікті.
Сұрақ:
Шетелдік талапкерлерге қандай шарттар бар?
Жауап:
Шетелдік үміткерлердің құжаттары мен шарттары Қазақстаннан түсетін оқушылармен бірдей.

МАҢЫЗДЫ! Құжаттар апостильденуі керек, өйткені бір мемлекеттің аумағында жасалған құжаттар белгіленген тәртіппен заңдастырылған жағдайда ғана басқа мемлекеттің аумағында қарауға қабылданады.
Сұрақ:
Өтініш берген кезде қандай құжаттар қажет?
Жауап:
Өтініш берген кезде мектеп сайтында анкета толтырып, оқушының жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасын қоса беру керек.
Сұрақ:
Конкурстық іріктеудің форматы қандай?
Жауап:
Конкурстық іріктеу мектептің оқу бағдарламасы бойынша сұрақтармен сұхбат түрінде өткізіледі.
Сұрақ:
Сұхбаттасу қашан басталады?
Жауап:
Сұхбаттасулар 20 шілдеден бастап өткізілетін болады.
Сұрақ:
Сұхбаттасу нәтижелері қашан жарияланады?
Жауап:
Нәтижелер сұхбаттасу өткеннен кейін 3 күн ішінде жарияланады.
Сұрақ:
Сұхбаттасу қанша тұрады?
Жауап:
Үміткерлер сұхбаттасуды ақысыз өтеді.
Сұрақ:
Сұхбат қай тілде өтеді?
Жауап:
Сұхбат ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Сұрақ:
Үміткермен кім сұхбаттасады?
Жауап:
Сұхбат қабылдау комиссиясымен өтеді.
Сұрақ:
Сұхбат қанша уақыт алады?
Жауап:
Сұхбат 30-дан 40 минутқа дейін созылады.
Сұрақ:
Сұхбат қалай және қай жерде өтеді?
Жауап:
Сұхбат қашықтан Microsoft Teams платформасы арқылы өтеді.
Сұрақ:
Оқу ақысын қалай төлеуге болады?
Жауап:
Оқу ақысы Kaspi / Homebank қосымшасы арқылы немесе Kaspi / Halyk Bank бөлімшелерінде төленеді.
Сұрақ:
Төлем қалай жүзеге асырылады?
Жауап:
Төлем шартта көрсетілген төлем күнтізбесі бойынша жүзеге асырылады. Негізгі төлем бүкіл академиялық оқу жылы үшін 4 траншпен жүзеге асырылады.
Сұрақ:
Кепілдік жарна бар ма?
Жауап:
Міндетті кепілдік жарна жоқ.
Сұрақ:
Егер бір жыл бұрын алдын-ала төленсе, жеңілдіктер бола ма?
Жауап:
Бір жыл алдын толық төлем үшін жеңілдіктер қарастырылмаған.
Сұрақ:
Бір отбасынан екі немесе одан да көп бала оқыса жеңілдіктер бола ма?
Жауап:
Екі немесе одан да көп балаға қашықтықтан оқыту кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған.
Сұрақ:
Оқуға жеңілдіктер мен гранттар бар ма?
Жауап:
Жаңа оқу жылында жеңілдіктер қарастырылмаған. Ағымдағы оқу жылындағы жетістіктер үшін қашықтықтан оқыту форматы аяқталғаннан кейін 25% -50% аралығында жеңілдіктер беріледі.
Сұрақ:
Жеңілдіктер бір академиялық оқу жылының соңында жойыла ма?
Жауап:
Студенттер жыл сайын академиялық жетістіктерімен, жақсы тәртіптерімен және сабақтан тыс жұмыстарға белсенді қатысуымен жеңілдіктерін растауы керек.
Сұрақ:
Оқу кезінде жеңілдікке қалай қол жеткізуге болады?
Жауап:
Оқу барысындағы жеңілдік жоғары академиялық үлгерімі бар, тәртіптілігі жоғары, сабақтан тыс жұмыстарға белсенді қатысқан, халықаралық тесттерге сәтті дайындалып және тапсырған студенттерге беріледі.
Сұрақ:
Қандай себептер үшін жеңілдікті жоғалтып алуға болады?
Жауап:
Оқу кезінде дөрекі тәртіп бұзғаны және оқу үлгерімі төмен үшін жеңілдікті жоғалту мүмкін.
Сұрақ:
Оқу процесінде оқу ақысынан басқа қандай шығындар болады?
Жауап:
Оқу кезеңінде үлгерімге байланысты мамандандырылған орталықтарда халықаралық тестілеуді 2-ден 4 ретке дейін өту керек болады. Халықаралық университеттерге құжаттар тапсырғаны үшін тіркеу жарнасы.
Сұрақ:
Оқушы қашан қабылданады?
Жауап:
Оқушы мектепке келесіден кейін тіркеледі:
- сұхбаттан сәтті өтіп;
- бірінші траншты төлеп;
- келісімшартқа қол қойып;
- құжаттарды тапсырып;
- сауалнаманы толтырғаннан соң.
Сұрақ:
Мектепке түсу үшін қандай құжаттар қажет?
Жауап:
- Алдынғы оқу орнынан кету жолдама талоны;
- Студенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік / жеке куәлік / төлқұжат);
- Ата-анасының / заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік / төлқұжат);
- Студенттің алдыңғы оқу жылдарындағы үлгерім табелі;
- Мінездеме;
- 3*4 фотосурет (2 дана);

Медициналық құжаттар:
- Студенттің денсаулық паспорты;
- Егу картасы (№ 063 нысан);
- № 086 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;

Асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар тағамдық аллергиясы бар балалар санаты үшін аллергологтан, педиатрдан немесе гастроэнтерологтан қорытынды алу керек.