Қабылдау процесі
Мектепке қабылдау және оқуға түсу процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
Сайтта іріктеуге қатысу үшін өтініш толтырасыз;
Менеджерден сұхбаттасу күні мен уақыты туралы ақпаратпен қоңырау аласыз;
здесь будет текст
здесь будет текст
Қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан өтесіз;
Сәтті өткеннен кейін бірінші траншты төлеп, келісімшартқа қол қоясыз;
Біздің мектепке оқуға түсесіз.
Мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

- Алдынғы оқу орнынан кету жолдама талоны;
- Студенттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік / жеке куәлік / төлқұжат);
- Ата-анасының / заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік / төлқұжат);
- Студенттің алдыңғы оқу жылдарындағы үлгерім табелі;
- Мінездеме;
- 3*4 фотосурет (2 дана);

Медициналық құжаттар:
- Студенттің денсаулық паспорты;
- Егу картасы (№ 063 нысан);
- № 086 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;

Асқазан-ішек жолдарының проблемалары бар тағамдық аллергиясы бар балалар санаты үшін аллергологтан, педиатрдан немесе гастроэнтерологтан қорытынды алу керек.
Сұрағыңыз болса немесе кеңес алғыңыз келсе, хабарласыңыз!