Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы
Astana Garden School оқу бағдарламасына ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт пәндерін оқыту кіреді. Мектептің бірегей ерекшелігі - оқушылардың зияткерлік, көшбасшылық, шығармашылық дағдыларды дамытуға және студенттердің әлеуетін ашуға, халықаралық емтихандарға дайындалуға бағытталған AGS компоненттерін ұсыну, сонымен қатар студенттер мен олардың ата-аналарына мамандық таңдауда, әлемдегі ең үздік оқу орындарына құжаттар тапсыру мен түсуге жан-жақты қолдау көрсету кіреді.

AGS компоненттері:

Professional Orientation (Кәсіптік бағдарлау)
Оқушылар өздерінің жеке басының әр түрлі қырларын зерделеу және ойлау арқылы болашақ мамандықтарын анықтаумен айналысады.

College Admissions Counseling
Университетке қабылдау процесіне дайындалу барысында біз әлемнің жетекші университеттерінен шақыру алған студенттердің сәтті профильдерін талдаймыз. Осылайша резюмеңізді жақсарту үшін профильдің қандай аспектілері бойынша жұмыс істеу керек екенін білуге болады. Сонымен қатар, оқушылар түрлі ресурстарды қолдана отырып, ЖОО тізімін құруды үйренеді.

College Essay Coaching Sessions
Мотивациялық эссе жазу бойынша кеңесшімен жеке коучинг сессияларын ұйымдастыру. Мәселен, 2019-2020 оқу жылында Беркли қаласындағы Калифорния университетінің түлегі тиімді мотивациялық хат жазудың негізгі дағдыларымен бөлісуге шақырылды.

SAT Reasoning
Оқушыларды шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге қажетті негізгі халықаралық емтиханға дайындаудың құрамдас бөлігі.

College counselling
Оқушыларды университеттерді таңдауға дайындауға, профиль жасауға және шетелдік университеттер мен Назарбаев Университетіне түсуге қажетті құжаттарды тапсыруға арналған құрамдас компонент болып табылады.

NUFYPET
Назарбаев Университетіне Foundation бағдарламасына түсу емтиханына дайындық компоненті.

IELTS
Халықаралық тілдік тестке дайындық.

US History
АҚШ-тың белгілі университеттерінің талаптарына сәйкес қабылдау үшін қажетті SAT subject дайындау курсы.

English Literature
Курс ағылшын әдебиетін түпнұсқа тілінде оқуға бағытталған.

History of Arts
Курс әр түрлі мәдениеттерге байланысты көркем өзді-өзін көрсету формаларын зерттеуге бағытталған.

Self-education
Курс күнделікті өмірдегі жағдайларды шешуге және қазіргі стрессті жағдайларына тәнік шағылысуға бағытталған.

Financial literacy
Қаржы туралы саналы шешім қабылдауға көмектесетін дағдыларды дамытуға бағытталған курс.

Entrepreneurship
Кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған курс.

Psychology
Курс эмоционалды жағдай және физиологиялық қажеттіліктер туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Стрессті жағдайларды және олармен күресу әдістерін талдауға көмектеседі.

Office hours
Тақырыптық материалды терең зерттеуге арналған қосымша жеке кездесулер.
Негізгі курстар
Математика
Бұл курс бүкіл әлемнің жоғары оқу орындарына түсу және табысты оқу үшін қажетті тақырыптардың барлық спектрін қамтиды. Ол сандық қабылдау және математикалық заңдар арқылы әлемнің заңдылықтары мен сандық тұжырымдаманы зерттеуге бағытталған. Математиканың негіздерін түсіну сізге әлем қолданысындағы алгоритмдерін қарастыруға , сонымен қатар, түсініп талдау жасауға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі
Ағылшын тілі курсы ағылшын тілінің жалпы білімін кеңейтуге және негізгі дағдыларды (есту, оқу, жазу және сөйлеу) нығайтуға бағытталған. Курстың ерекшеліктерінің бірі-тілдік құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал ету және сабақ барысында оқушылардың идеялары мен ойларын еш кедергісіз білдіруге жағдай жасау.

Өзін-өзі тану
Бұл курс оқушылардың жеке тұлғалық жан-жақты дамуына ықпал ететін әртүрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курсты құру кезінде жалпы психология, физиология, когнитивті мінез-құлық психологиясы, сондай-ақ позитивті психология негізге алынады. Курстың негізгі мақсаты оқушылардың бойында іскерлікті қалыптастыру болып табылады: 1. эмоцияларды тану және түсіну 2. эмоционалды стрессті тудыратын жағдайларды айыра білу және соған сай әрекет ете білу.

Қазақстан тарихы
Бұл курс өскелең ұрпаққа Қазақстан аумағындағы мәдениет пен дәстүрдің әрі өмірлік ұстанымдардың ұшқырлығы мен ыңғайлылығын түсінуге мүмкіндік береді. Өткен жылдар оқиғаларына сүйеніп құрылған тарихи білім қалыптастыру - Қазақстанның қазіргі таңдағы бейнесін егжей-тегжейлі көз алдыңызға әкеледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті
Бұл курс қазақ тілін түсіну деңгейін арттырады және қазақ халқының әдеби шығармалырының тереңдігіне үңілудің бастауы болады. Оқушылардың тілдік бағдарын дамыту сол ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін түсніуге жол ашады. Тілді сауатты игеру және ойды еркін жеткізе алу оқытудың маңызды аспектісі болып табылады.

Физика

Бұл курс қоршаған әлем және физикалық құбылыстардың заңдары мен заңдылықтары туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Физика нақты фактілер мен ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, қоршаған ортадағы күнделікті құбылыстарды түсіндіреді.

Химия
Айналамызда болып жатқан өзгерістер мен мүмкіндіктерін химия пәнін оқу курсы ашады. Осы курста біз әлемдегі барлық заттардың заттардан тұратындығын және бұл заттардың қалай өзгеретінін көре аламыз. Бұл курс заттардың құрамы мен олардың әр алуан жағдайлардағы өзгеріске ұшырауына назар аударуға және оқып-түйсінуге бағытталған.

Биология
Бұл курс қоршаған әлемнің негіздерін зерттеуге және оның өмір сүру заңдылықтарын түсінуге бағытталған. Биологияны зерттеу студенттерге барлық тіршілік иелерінің бірлігін және олардың биомолекулалардан экожүйелерге дейінгі деңгейлі эволюциялық байланысын түсінуге мүмкіндік береді.

Құқық негіздері
Бұл курс студенттерге құқық ұғымы мен құқықтық жүйе туралы негізгі түсінік береді. Оқушылар әртүрлі заңдарды оқиды, олардың логикасын түсінеді және құқықтық жүйелер шеңберіндегі мәселелерді талқылайды. Бұл курстың мақсаты- студенттерге құқықтық негіздерді зерделеу және әртүрлі жағдайларды ұтымды және сындарлы бағалау арқылы құқықтық жүйелердің функционалдығын түсінік қалыптастыру .

Информатика
Бұл курс компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау, сақтау, беру және талдау әдістері мен процестерін зерттеуге бағытталған.

Дүниежүзі тарихы
Дүниежүзі тарихының курсы қоршаған ортаны бар қалпында қабылдауға, берілген мағлұматты өңдеуге және сараптауға қосымша нысан ретінде қолданылады және тұлғаның жан-жақты дамуында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Орыс тілі мен әдебиеті
Орыс тілін оқи отырып, студенттер Әлем мен адам туралы білім алады, тілдің құндылығын ұлттық-мәдени мұраның көрінісі екендігін, айналадағы ақиқатты танудың маңыздылығын ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде қабылдайды. Сонымен қатар, оқушылар орыс әдебиеті сабақтарында мәдениет және өнермен байланыста болады.

Дене тәрбиесі
Мектептегі дене тәрбиесінің мақсаты – оқушының жеке басының дене шынықтыруын қалыптастыру арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету. Дене шынықтырудың құрамдас бөліктері: мықты денсаулық, дұрыс физикалық даму, қозғалыс қабілетінің оңтайлы деңгейі, дене шынықтыру саласындағы білім мен дағдылар.
AGS компоненттер
Тереңдетілген математика
Бұл курс SAT емтихандарын тапсырғысы келетін 9-11 сынып оқушыларын SAT стратегиялары мен әдістері туралы нұсқаулықпен дайындайды. Курс оқу, жазу, тіл және математика бойынша емтиханның мазмұнын, сонымен қатар қосымша эссе туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықты қамтиды. Курстың соңында студенттер тест тапсырудың тиімді стратегияларын игеріп қана қоймай, сонымен қатар сыныпта өткен материалды, үй тапсырмаларын және бақылаудағы толық практикалық тестілерді қолдана алады.

Академиялық мақсатқа арналған ағылшын тілі
Бұл курста оқушылар IELTS академиялық Модулінің тестінен сенімді өту үшін қажетті барлық негізгі дағдылар мен стратегияларды зерделейді. Оқушылар тесттің әр бөлімінде пайда болатын сұрақтардың әртүрлі түрлерімен танысады және басқарылатын тәжірибенің арқасында олар сұрақтардың барлық түрлеріне жауап беруді үйренеді. Байқау тестілері студенттерге жеке пікірлер мен ұсыныстар беруге ерекше назар аудара отырып, үнемі өткізіліп тұрады.

Зерттеу әдістері
Бұл курс оқушылардың зерттеу дағдылырның негізін қалыптастыруға бағытталған. Осы курс барысында студенттер ғылымның әртүрлі салаларында қолданылатын сандық және сапалық әдістердің негіздерін біртіндеп үйренеді. Бұл курстың практикалық бөлігі сабақтарда сұхбат, сауалнама, бақылау, талдау әдістерін зерттеуге және сынап көруге және курстың соңында өз жобасын қорғау түрінде нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.

Қаржылық сауаттылық
Бұл курстың негізі оқушының жеке қаржысын тиімді басқаруды үйрету. Курс жоғары сынып оқушыларына арналған, себебі, олар көп ұзамай жеке қаржымен өмір жолына қадам басады. Практикалық білім мен керекті машықтар курстың негізгі мақсаты болып табылады.

Тереңдетілген ағылшын тілі
Бұл курс студенттерге тілдің грамматикалық аспектілерін білуді және оны дәл әрі дұрыс пайдалана білуді үйрету мақсатында жасалған. Сабақтарда оқушылар таныс емес жағдайда еркін артикуляциялауға және өз ойларын білдіруге мүмкіндік беретін әртүрлі жағдайларда оқытылатын тілді қолданады.

Цифрлы сауаттылық
Бұл курс 21 ғасыр студентін үйретіп, дайындауға бағытталған. Курстың негізгі мақсаты - жаңа әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерді дамыту үшін сандық ұғымдар мен компьютерлік технологияларды күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын үйрету және бағалау.

Мәселе-бағдарлы оқыту
Бұл курс оқушыға қарым-қатынас және интерактивті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беру үшін жасалған. Әр түрлі жағдайларда жұмыс жасау арқылы мәселелерді талдау және шешу дағдыларын игеруге көмектеседі. Оқушылар деректерді жинауды үйренеді және практикалық тәжірибе алады.

Жобалық-бағдарлауды оқыту
Бұл курс жасөспірім студенттерге ағылшын тілін мағыналы контексте және нақты мақсатпен қолдануға ынталандыратын мүмкіндік береді. Бұл студенттерге оқытылатын тілді практикада қолдануға мүмкіндік береді және сөздік қорын толықтыруға ықпал етеді. PBL курсы сыныпта мықты команда құруға көмектеседі және студенттер арасында берік қарым-қатынас орнатады.

Сыни тұрғыда ойлау
Бұл курс академиялық пәндерде де, нақты сценарийлерде де сыни ойлаудың логика, ойлау және практикалық қолдану негіздерін қамтиды. Курс барысында оқушылар алғышарттар, тұжырымдар және дәлелдер сияқты логика негіздерін үйренеді. Сонымен қатар, логикалық қателер сияқты аспектілер зерттеледі, содан кейін алынған білім мен құралдарды қолдануға бағытталған бірқатар жеке және топтық жобалар жүзеге асырылады.

Сынып сағаты
Оқушылармен оқу-тәрбиелік жағынан танымдық әрі ақпарттық бағдар беру мақсатында қойылған қосмша сағат.

Кәсіптік бағдарлау
Бұл бағдарлама студенттердің кәсіби танымдықтың құндылығы мен маңыздылығы туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағдарлама әр оқушының жеке даму жолын құруға мүмкіндік беретін мансаптық бағдар мен психология аспектілерінің негізгі принциптеріне негізделген. Оқу барысында студенттер шетелдік және отандық жоғары оқу орындарына түсу процедурасынан өту кезінде қажетті білім алады, бұл мотивациялық хаттар жазуды, портфолио құруды, оқушының қызығушылығы бойынша оқу орындарын іздеуді қамтиды.

Сыныптан тыс жұмыстар
Университеттер өкілдерімен кездесулер
Мектеп әр түрлі университеттердің өкілдерімен және түлектерімен, сондай-ақ академиялық емес іс-шараларға арналған ұлттық және халықаралық ұйымдармен кездесулер өткізеді.

Клубтар
Astana Garden School әлеуметтік белсенділікті дамытуға, оқушылардың тәуелсіздік алуына, өмірдің маңызды мәселелерін шешуге жауапкершілікпен қарауға жағдай жасайды. Біз студенттердің оқу барысында қызығушылықтарының шеңберін әр түрлі жолмен анықтауға көмектесеміз, оларды қауымдастықтар, клубтар, әлеуметтік жобалар қызметіне белсенді түрде қатыстырамыз, белсенді студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруға қолайлы жаңа нәрсе жасау ниетін қолдаймыз.

Қозғалыстар

Қозғалыс оқушылардың тұлғалық дамуы бойынша үздіксіз жұмыс жасауға бағытталған, және оқу үдерісімен қатар олар оқудың әр элементінде қатысады.

Іс-шаралар
Іс-шараларды ұйымдастыру - қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын, оқушының шығармашылық және белсенді компонентін қалыптастыруға бағытталған.
Спортпен айналысу
Біз оқушыларымыздың және мектеп қауымдастығының мүшелерінің жан-жақты дамуына бағытталғанбыз, сондықтан мектепте аптасына бір рет Денсаулық күні болады.

Сонымен қатар, карантин кезеңінде ден-саулықты жақсарту және оқушыларымыздың өмірге бейім өмір салтын болдырмау мақсатында аптасына 2 рет тәжірибелі фитнес жаттықтырушысы өткізетін онлайн дене шынықтыру сабағы кестеге енгізілді.
Сұрағыңыз болса немесе кеңес алғыңыз келсе хабарласыңыз!